Украинаның келешегi мен абыройына жұмыс жасаймын: Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембай Саакашвилидің серіктесі болды
Қазақстандық ең танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Саакашвилидің серіктесі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы кәсіпкер желідегі парақшасында жазба қалдырған. Ол енді Украинаның болашағы мен абыройы үшін қызмет атқаратынын айтты. Дегенмен Қазақстанға келіп-кетіп тұратынын жеткізді Сейсембай.
"Достар, бүгiннен бастап мен Михаил Саакашвилидың серiктесi болғанымды ресми түрде жариялаймын. Бұл қызметте мен оған бар күшiмдi аямай көмектесiп Украинаның келешегi мен абыройына жұмыс жасаймын. Қазақстаннан кетiп жатқан жоқпын. Екi елге қатынап жұмыс iстеймiн", - деп жазды Марғұлан Сейсембай.
Естеріңізге сала кетейік, Михаил Сакашвили Грузия мен Украинаның саяси қайраткері, Грузияның бұрынғы мемлекет басшысы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”