Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы базалық ставканы көтеру себебін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық ставканы көтеру себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ұлттық банк 26 сәуірден бастап +/-1 пайыздық тармақ пайыздық дәлізімен базалық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім экономикадағы проинфляциялық факторлардың айтарлықтай өсуіне байланысты қабылданды. Биыл 1-тоқсанда біз іскерлік белсенділіктің, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың және экономиканы кредиттеу өсті. Бұл факторлар фискалдық ынталандыру шараларымен бірге ішкі сұранысты да қолдайды", – деді Ғалымжан Пірматов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Төрағаның айтуынша, баға тұрақтылығын сақтау Ұлттық банктің негізгі міндеті.

"Осыған байланысты инфляцияға қарсы ақша-кредит саясатының рөлі қазіргі кезде тұтынушылардың қаражат жинақтау әрекетін қолдау үшін маңызды. Аталған шаралардың көмегімен біз сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына және екі таңбалы көрсеткішке жеткен инфляцияның ретсіз өспеуіне ықпал ете аламыз. Сондықтан біз үшін базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім – инфляцияның өсу үрдісіне жол бермеу жолындағы қажетті шара", – дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылына 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Талқылау