Ұлттық банк салондағы көлік тапшылығының автонесиеге кері әсер еткенін мәлімдеді
Ұлттық банк салондардағы автомобиль тапшылығы несие беруге кері әсерін тигізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Автонесиеге деген сұраныстың төмендеуі жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларының болмауымен байланысты. Ал салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге теріс әсер етті. Биылғы I тоқсандағы жағдай бойынша, автокөлікке мақұлданған кредит өтінім үлесі 13%-дан 10%-ға дейін төмендеді. Оның үстіне автонесие беру талаптары қатаңдатылған", – делінген Банк хабарламасында.
Сондай-ақ II тоқсанда іске қосылатын жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында траншты алу жоспарланғанмен, банктер автонесиеге қатысты сұраныстың азаятыны болжануда.
Оның үстіне банктер бөлшек кредиттеудің барлық сегменті бойынша талаптарды күшейтпек.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі