Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек - Президент

Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев киелі мекенде қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

құрылтай

Президенттің сөзінше, киелі өлке Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналды.

“Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама көтергім келеді. Бұл жерде барлық рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен. Қаныш Сәтбаев "Еліміздің ту тіккен жері – Таңбалы тас" деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден бүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты. Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын.

Мұнда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек. Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз. Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз", – деді Тоқаев жиын барысында. 

Талқылау