Ұлытау облысында балабақшаларға азық-түлікті қымбатқа сатып келгені анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсу дерегі тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеке кәсіпкерліктен қымбатқа сатып алынғаны анықталды.
Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%).
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды. Оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоптың бағасы түсті. Бұл ретте 17 миллион теңгеден астам сома үнемделді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"