Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлының өмірден өткенін білмей кетті": Бейсен Құранбектің әжесі қайтыс болды

Қазаққа белгілі тележүргізуші, журналист Бейсен Құранбектің әжесі өмірден өтті. Қарт ана 100 жасында бақиға аттанды. 

Қаралы хабарды марқұм тележүргізушінің әріптесі, досы Серік Әбікенұлы хабарлады. 

"Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, "Апа-ау, ақынның баласы келді!" - десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр. Иманды болыңыз, апа", - деп жазды Серік Әбікенұлы.

3 наурыз күні ғазиз ананың жаназасы оқылып, сүйегі туған ауылы Қызылжарда жерленді. 

Бейсен Құранбек сұхбатының көбінде отбасын негізгі құндылығым деп атаған. Әсіресе, анасын қатты құрметтеді. Өмірін анасымен бірге өткізді. Анасы деп отырғанымыз жүз жасаған әжесі. Бейсен Құранбек ата-әжесінің қолында өскендіктен әжесін апа деп атады. Жүз жасаған апасы жайлы әдемі естеліктер жазды. 

Мен үшін негізгі құндылық – отбасым. Анаммен күнделікті әңгімелесуге уақытым болмай қалды. Әңгімеміз таусылмайды. Ол кісінің шалы туралы айтамыз, шал іздейміз. Соңғы бір жылда анаммен сырласуға, балаларымның тәрбиесіне, сабағына араласуға уақытым болмай кетті. Астанада үш бөлмелі пәтерім, жақсы жұмысым болса да, ауылға көшіп келдім. Себебі тоқсаннан асқан қарт анам ауылда тұрғысы келеді. Мен үшін анамның жанында болу – бәрінен маңызды. Мен Астанада тұруға талай үлгерермін, ал анаммен бірге өткізетін сәттер шектеулі", - деген екен тележүргізуші жас тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2020 жылдың 18 мамырында танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті. Марқұмның қырқы болар уақытта туған анасы өмірден өтті. 4 айдан соң әкесі Құранбеков Абай Жанысбекұлы бақиға аттанды. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр