"Ұлымның өліміне кінәлі емес": Оралда Нариман Рауфтың анасы судьяның күдікті болған ұлына шағымданбайтынын айтты
22 сәуірде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық пен адам ұрлады деп айыпталған Ерназ Сәтбаев пен судьяның ұлы Ержан Қадырбаевқа соңғы сөз берілді. Алайда 18 жастағы судьяның ұлы сөйлеуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото “Мой город” порталынан
Судья Асланбек Дүйсенғалиев Қадырбаевтың осымен өзінің сөз сөйлеу үшін сот отырысы залына себепсіз үш рет келмегенін атап өтті. Сондықтан сот мұны сотталушының өз құқығын пайдаланып, сөйлеуден бас тартты деп санайтынын алға тартты.
Ал Ерназ Сәтбаев тағылған айып бойынша кінәсін мойындамайтынын тағы да айтты.
“Нариман менің кесірімнен қайтыс болған жоқ. Мен ешкімді ұрлаған жоқпын", - деді ол.
Сонымен қатар, қайтыс болған Нариманның анасы Назгүл Махмудова өз пікірін өзгерткенін жеткізді. Айтуынша ол енді Ержан Қадырбаевты кінәлі деп санамайды екен.
“Мен бұл өмірде көп нәрсені бастан өткердім. Түсінесіздер деп үміттенемін. Оның сөздерінен кейін сотталушы Қадырбаевтың ұлымның өліміне кінәлі емес екенін түсіндім. Ананы тек ана түсінеді. Маған ештеңе де моральдық та, материалдық та сипаттағы шағымдар керек емес. Сотталушы Қадырбаев менен бірнеше рет кешірім сұрады. Қандай жаза берілетінін өздеріңіз шешесіздер. Кәсіби мамандарға сенемін. Қадырбаевқа ешқандай шағымым жоқ”, - деді Назгүл Махмудова.
Судья Асланбек Дүйсенғалиев шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім 23 сәуірде жарияланбақ.
Еске салсақ, Оралда 22 жастағы Нариман Рагуфтың өліміне 20 жастағы Ерназ Сәтбаев пен 18 жастағы судьяның ұлы Ержан Қадырбаев күдікті болып ұсталған еді.