Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындарына жер сілкінісіне байланысты ескерту келді: Дүмпудің қуаты қандай

апат
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына жер сілкінісіне байланысты ұлттық ескерту хабарламасы келіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хабарламада тұрғындарға қосымша нұсқау берілгенге дейін ашық жерде болу сұралған. Ғимарат ішінде жүргендерге сабыр сақтап, жақындарына қай жерде екенін хабарлау ескертілген.

Сонымен қатар тұрғындардан ғимараттардың зақымданғанын немесе өрт шыққанын байқаса, Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласу сұралды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелгенін растады.

“Жер сілкінісіне жақын орналасқан елді мекендерде жер асты дүмпулерінің қарқыны 2-3 балға дейін жеткен. 28 қыркүйек күні таңертең сағат 09:38-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан”, – делінген жауапта. 

Министрлік дүмпудің қай жерде болғанын мәлімдеді. 

“Сейсмологтардың есептеуінше, эпицентрден 18 шақырым жерде орналасқан Қарасай (Қаскелең) қаласында жер сілкінісінің қарқыны 2-3 балды құраған. Эпицентрден 19 шақырым қашықтықтағы Боралдайда да дүмпу күші 2-3 балл болған. Ал эпицентрден 28 шақырым жерде орналасқан Өтеген батырда жер сілкінісінің қарқыны 2 баллға жеткен”. – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45-тен асқаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 28 Қыркүйек, 2026 09:43