"Тексереміз": Балаева Бишімбаевтың сотында Собчакқа берілген ерекше артықшылықтарға қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаевтың сот отырысына Ксения Собчактың қатысуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот
Министр ресейлік журналистің сотқа қатысуы министрлікпен алдын ала келісілмегенін хабарлады.
“Мұны қараймыз. Журналистің келгенін сіздер әлеуметтік желілерде таратқан соң білдім. Айтпақшы, мен сот процесін бақылап жүрген жоқпын және оны сіздердің материалдарыңыздан білемін”, – деді Балаева.
Айта кетейік, 22 сәуірде Бишімбаевтың кезекті сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты. Оны сот залына кіргізіп, жәбірленушілердің жанындағы орындыққа отырғызды. Бұл ретте қазақстандық журналистер орын аз болғандықтан, тұру шартымен сот залына кіргізілген еді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"