Alatau City Bank клиенттік тәжірибені зерттеу нәтижелері бойынша көшбасшылар қатарына кірді
Alatau City Bank InteriseGroup компаниясы жүргізген Global Customer Choice Index (GCCI) Kazakhstan 2026 клиенттік тәжірибені халықаралық зерттеу қорытындысы бойынша төрт жүлделі орынға ие болды.
Соның ішінде Alatau City Bank банк бөлімшелерінде жеке тұлға клиенттерге қызмет көрсету бойынша еліміздің екінші деңгейдегі банктері арасында көшбасшы деп танылды.
Тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банк:
- "Жеке тұлға клиенттер үшін үздік тәжірибе" номинациясында І орынды;
- "Үздіксіз клиенттік жол" номинациясында ІІ орынды;
- "Онлайн және офлайн арналардағы ең үздік жиынтық клиенттік тәжірибе" номинациясында ІІІ орынды;
- "Колл-орталықта қызмет көрсетудің жоғары стандарттары" номинациясында ІІІ орынды иеленді.
GCCI Kazakhstan 2026 зерттеуі цифрлық арналармен алғашқы өзара әрекеттесуден бастап офистер мен байланыс орталықтарында қызмет көрсетуге дейін банктердің нақты клиенттік тәжірибесін бағалауға арналған.

Зерттеудің ерекшелігі − бағалаудың банктер мәлімдеген стандарттарды ғана емес, сонымен қатар клиентпен өзара әрекеттесу бойынша нақты тәжірибені негізге алуында. Сарапшылар түрлі арналарда қызмет көрсету сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, клиенттік жолдың түрлі кезеңдерін ретімен талдады.
Түрлі номинациялар бойынша төрт жүлделі орын бірден бірнеше бағыттағы, атап айтқанда, цифрлық сервистер, офистік қызмет көрсету, байланыс орталығы және ретпен өтетін клиенттік жолды қамтамасыз ететін процестер бойынша жұмыс нәтижелерін көрсетеді.
"Біз үшін бағалаудың банкпен өзара әрекеттесу бойынша нақты тәжірибе арқылы жүргізілгені аса маңызды. Клиент банкті біртұтас жүйе ретінде қабылдайды, сондықтан оған банктегі жолдың қай жерден: мобильді қосымшадан, сайттан әлде байланыс орталығынан немесе бөлімшеден бастау алатыны маңызды емес. Сондықтан әр байланыстың сапасы және олардың қаншалықты үйлесімді байланысып тұрғаны ерекше маңызды. Alatau City Bank зерттеу нәтижелерін клиенттік қызмет көрсетудің ағымдағы деңгейіне берілген тәуелсіз баға әрі біздің сервистер мен қызмет көрсету стандарттарын одан әрі жетілдірудің бағдары ретінде қарастырады", − деп Alatau City Bank басқарма төрағасы Қуандықов Әнуар пікірін бөлісті.
Global Customer Choice Index зерттеуін клиенттік тәжірибені бағалауға және бизнесті трансформациялауға мамандандырылған халықаралық компания InteriseGroup жүргізеді. Компанияның көптеген елде 19 жылдан астам жұмыс пен жобаларды іске асыру тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға 2026 ж. 14 шілдедегі № 1.1.998.132 әмбебап банктік лицензияны берген
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді