Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлымның қырқынан шығару рәсімін ауруханада жасадым": Жәния Джуринская жаңа босанған әйелдің күтімі туралы сөз қозғады

Белгілі актриса Жәния Джуринская екінші сәбиін дүниеге әкеліп, аурухандан бір-ақ шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/

Өнер иесі София есімді қыздан кейін Зейін есімді ұлды дүниеге әкелді. 

“Қазақ халқы да басқа халықтар сияқты баланы 40 күн әлемге көрсетпеу
керек деген қағиданы ұстанған. Сондықтан 40 күндікті мерейтой ретінде атап өтеді. Оған сәйкес түрлі әдет-ғұрып орындау өте маңызды. Шілдехананың негізгі мағынасы – баланы жын-шайтан, тіл-көзден сақтау. Қазір бұл салт әртүрлі түсіндіріледі. Бірақ әдет-ғұрып бар және шын мәнінде ана мен нәресте үшін алғашқы 40 күн маңызды. Әйелдің денесі қалпына келіп, бала осы дүниеге бейімделеді”, – деп жазды актриса. 



Сондай-ақ баласын босанған бойда жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп қалғанын айтты. 

“Осы кезеңде біз ұлымызбен ауруханада болдық. Шынымды айтсам,
мен қатты қорықтым. Бірақ бақытымызға орай, бәрі артта қалды. Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерінің арқасында, жақсы ем алып шықтық. Олар Зейіннің қырқынан шығару рәсімін ауруханада ұйымдастырды. Палатада жатып, қырқымыздан шықтық. Олар бізге жан-жақты қарап, емдеп жазып берді. Тіпті аластап, жаман энергиядан тазалап берді. Адам өмірін құтқаратын мамандық иелерінің еңбегіне баға жетпейді”, – деді өнер иесі. 

Айта кетейік, Жәния Джуринская екінші сәбиін ауыр босанғанын айтып берген еді. 

Талқылау