Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлымызбен кездесуге шектеу қоймады": Жамбыл облысында соққыға жығылған сарбаздың анасы баласының жағдайы туралы айтты

Таяуда Жамбыл облысы Отар ауылында әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы Нұржігіт Әбділпат қазір ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатыр. Бұған дейін жәбірленушінің анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санап, президентке үндеу айтты. Бірнеше уақыттан кейін сарбаздың анасы желіде баласымен кездесе алатынын және жігіттің жағдайы жақсара түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Сарбаздың анасы Жанна Жаналина Tik Tok желісінде видео жариялап, баласының денсаулығы оңала түскенін айтып берді.

“Сәлеметсіз бе, мен Нұржігіт Әбділпаттың анасы Жанна Жаналинамын. Жаңа ғана ауруханадан шықтым. Балаға барып, бәрін өз көзіммен көріп келдім. Бізге ұлымызбен кездесуге шектеу қоймады. Күніне бір рет келіп кетуге болады. Қазіргі уақытта оның ауыр халіне қарамастан талдауларда жақсы жаққа қарай біршама өзгерістер бары айтылды”, – деді сарбаздың анасы.

Жігіттің анасы оқырмандарға осы жақсы жаңалықпен бөлісіп, аурухана дәрігерлеріне қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатқаны үшін алғысын жеткізді.

“Бұл жаңалықты сіздермен бөлісіп, аурухана дәрігерлеріне қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Тіпті олардың мүмкін емес нәрселерді де жасап жатқаны үшін, жоғары санатты профессорлар мен докторлардың барлық жерден тартылып жатқаны үшін алғыс айтқым келеді”, – деді Жанна Жаналина.



Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қазір ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатқанын жаздық. Анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санайды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтты. Нұржігіт әуелде басы айналып, жүрегі айнығанына шағым білдірген. Анасының айтуынша, cарбазды 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға әскерилер алып келген. Сарбазға пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің бастапқыда медициналық орталыққа жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.

@poisk_region_10 #костанай #казахстан #армия #репост #рекомендации #всемказахстаном #давайтепоможем #помощь #вместесможем #рек #вместе ♬ оригинальный звук - poisk region 10
Талқылау