Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлымен сағат үшін төбелескен: "Дикий" Арманның сыра патшасы Тоқтар Төлешовпен жауласқаны белгілі болды

Қазақстандағы наразылық шеруіне жетекшілік етпек болған “Дикий” Арман жергілікті БАҚ-та “сыра патшасы" атанған шымкенттік олигарх Тоқтар Төлешовтің жауы болып шықты. 12 қаңтарда бұл туралы Лента.ру сайтына республиканың бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері айтты.

Дереккөздің мәліметінше, араздыққа Төлешовтің бір ұлының мейрамханада дөрекі мінез көрсеткен жанжалы себеп болған. Аталған жанжалда олигархтың ұлы Арманмен төбелесуді ар санап, өз орнына шешен күзетшісін шығарады. Жеңген адамға әкесі сыйға тартқан алтын сағатты беруге уәде етеді. Арман қарсыласын нокаутқа түсіреді, алайда кіші Төлешов сағатын бермейді. Сондықтан Арман сағатты күшпен тартып алды.

Көп ұзамай Арман мен оның командасына шабуыл жасалды: Жұмагелдиевтің екі жақын досын атып өлтірді. Криминал бастық Арман Жұмагелдиев аман қалды – ол аяғынан оқ жарақатын алды. Құқық қорғау органдары бұл шабуылдың артында криминалист Әскер Ерубаев тұр деп есептеді.

"Алты айдан кейін Әскер Ерубаев пен оның інісі Қайсар Шымкентте мерт болды. Кісі өлтіруші ұсталды. Жауап алу кезінде ол жеке жеккөрушіліктен соң кісі өлтіргенін айтты. Бірақ мұның артында кім тұрғанын қала тұрғындарының бәрі түсінді", –  деді Қазақстанның бұрынғы құқық қорғау қызметкері.



Арман Жұмагелдиев кез келген қарсыласқа қарсыласына атылуға дайын тұратыны үшін қылмыстық ортада “Дикий” деп атанып кеткен.  Дереккөздің айтуынша, “Дикий” Арман – қарсыласы өзінен күшті болса да, онымен шайқасудан тайсалмай бірден тұра ұмтылатын адам. 

"Қарақшылар мұндай нәрселермен айналысқанды жақсы көреді, ол үнемі жауына есуас адамдай тап береді. Бір сөзбен айтқанда, жабайы адам секілді мінез көрсетеді. Сондықтан осындай атқа ие болды", - деді Қазақстанның бұрынғы құқық қорғау қызметкері.

Қазақстанда жанармай бағасының көтерілуіне байланысты наразылық шерулері 2 қаңтарда басталып, бесінші күні тәртіпсіздікке ұласты. Елде лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан бітімгершілік күштерді жіберді.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды. Бүгін Арман Жұмагелдиевтің сот шешімімен 2 айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Талқылау