Ұлыбританияның премьер-министрі: Елде коронавирустың екінші толқыны басталды
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz-ке Independent-ке сілтеме жасап.

"Енді біз екінші толқынмен бетпе-бет келеміз ... Бұл сөзсіз орын алады - өз елімізде осындай жағдайға тап боламыз", - деді премьер-министр.
Ол COVID-19 инфекциясының жаңа толқыны «Францияда, Испанияда, бүкіл Еуропада» басталғанын атап өтті.
Алайда Джонсон билік «жағдайды бақылауда ұстайтынын» айтып сендірді.
"Мен ауқымды оқшаулау шараларын енгізгім келмейді, біз мектептерді ашық қалдырғымыз келеді, ал білім беру мекемелерінің жұмысы бұрынғы деңгейге оралғаны тамаша нәтиже. Біз экономиканы мүмкіндігінше ашық ұстағымыз келеді, бизнестің дамығанын қалаймыз", - дейді премьер-министр.
Джонсон, сонымен қатар, ұлттық карантин енгізу «кез келген адам қалайтын соңғы шара» екенін баса айтты.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді