AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Путинді жақтаушылар": Ұлыбритания парламентінде Қазақстан мен Әзірбайжанға санкция енгізу ұсынылды

Ұлыбританияның парламенті Ресейге қарсы санкцияларды талқылауда. Бүгін парламент мүшелерінің бірі Маргаред Ходж Қазақстан мен Әзербайжанға да қарсы санкция енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қазақстан мен Әзірбайжан – Путинді қолдаушылар. 

"Қазақстан мен Әзірбайжанға қарсы санкциялар енгізіле ме?" – деп сұрады парламент мүшесі Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Тарасстан.

Оның сұрағына жауап берген ведомство басшысы Қазақстан мен Әзірбайжанға қатысты мәселе зерттеліп жатқанын айтты.

Министр қазіргі күні Ұлыбритания Ресей мен Беларуське санкция енгізу мәселесімен айналысып жатқанын атап өтті.

"Санкция”, "Қазақстан" сөздері Британ Парламентінде алғаш рет айтылып отырған жоқ. Қаңтар оқиғаларынан кейін де Маргарет Ходж еліміздің "клептократиялық элитасына" қарсы санкциялар енгізуді ұсынған. 

Бұл мәселеге Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әлі пікір білдірмеді. 

Айта кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украинаны ортақ тіл табысуға шақырып, делдалдық қызмет көрсетуге дайын екенін мәлімдеген. 

Тоқаев Қазақстанның позициясы мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысына негізделетінін атап өтті. 

"2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанамыз. Мен бұл туралы 10 ақпан күні Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Бөлінбеушілік принципі мен қауіпсіздіктің тұтастығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай, бұл болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Ал бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкеп соқты", – деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы геосаяси ахуал ушығып кеткенін жеткізген. 

"Өкінішке қарай, қазір бұл тенденцияның тоқтайтын түрі жоқ. Сондықтан біз қос мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Бейбітшілік болмаса, даму жоқ", – деді мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр