Ұлы онлайн сабаққа қатыспағаны үшін қазақстандық әйелге айыппұл салынды
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлы колледжде онлайн сабағына қатыспағаны үшін анасына қатысты істі қарады.

Әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық соттың ресми сайты.
Сот істі «Кәмелетке толмағанның тәрбиесімен немесе оқумен, құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты міндеттерді орындамау» бабы бойынша қарады. Әкімшілік іс материалдарына сәйкес орта білім беру ұйымының кәмелетке толмаған оқушысы екі ай бойы жүйелі себепсіз онлайн сабаққа қатыспаған.
Осы себепті сабақтан қашқан жасөспірімнің анасына қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Әйелге 20 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, жақында білім және ғылым министрлігінің басшысы білім саласындағы заңнамаларға енгізілетін түзетулер туралы айтқан болатын. Олардың біреуі колледжді бағалауға қатысты болды.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып