Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттерді жойып, өзен арнасын бұрып отырған: Ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы қызықты он дерек

Әлем құрлығының ширек бөлігін жаулаған моңғолдар империясы Шыңғыс ханның бастауымен 30 жыл бойы үстемдік етті. Осы уақытта дүниежүзі халқының оннан бір бөлігін қырып салған ол тарихта ең жауыз қолбасшы ретінде есте қалды. 

Шыңғысхан

1. Шыңғыс хан тамақ үшін інісін садақпен атып өлтірген 

Шыңғыс хан беделді қолбасшы Есугей батырдың отбасында дүниеге келген. Десек те әкесін жау тайпасы өлтіріп кеткеннен кейін жанұяның басына күн туады. Айдалада қалған олар тамақты әрең тауып, жандарын әрең бағыпты. 

14 жасқа толған Шыңғыс хан үйіне үлкен балық аулап, алып келеді. Алайда оның басқа анадан туған інісі Бектер балықты қолынан тартып алып, өзі жеп қояды. Ашуға булыққан Шыңғыс хан оны қуып жүріп, ақыры садақпен атып өлтіреді. Осылайша ол алғашқы рет адам өлтіреді.

арба

2. Шыңғыс хан бойы 90 сантиметрден ұзын адамдардың басын шауып тастап отырған

20 жасқа толғанда Шыңғыс хан әкесі үшін кек алмақшы болып, жау тайпасына шабады. Жеңіліс тапқан татарларды ол ерекше әдіс бойынша өлтіруді жөн көреді. Шыңғыс хан тұтқындардың барлығының бойын биіктігі 90 см болатын арбаның дөңгелігімен өлшеп, асып кетсе, шауып тастап отырған. Бұдан тек балалар ғана аман қалыпты. 

моңғол3. Шыңғыс хан жорықтарының соңында қалған адамның денелерін біреулер таумен шатастырған

1211 жылы Шыңғыс ханның көзі Қытай жеріне түсіп, Цзинь империясына қарсы жорық ұйымдастырады. Халқының саны 1 ғана миллион болатын моңғолдар 53 миллион тұрғыны бар Қытайды жеңіп шығады. Шыңғыс хан бастаған әскер Цинь империясының астанасы Чжундуға жетеді. Дегенмен қаланы басып алу моңғолдар қиынға соғады: Биіктігі 12 метр, ұзындығы 29 км болатын алып шаһарды әскермен жаулай алмайтынын білген Шыңғыс хан қаланы қоршауға алады. 

1215 жылдың жазына қарай қалада қалған қытайлықтар бір-бірінің етін жей бастайды. Бұған шыдамаған қала билігі есіктерді ашуға мәжбүр болады. Моңғолдар тұрғындарға аяушылық мүлдем танытпайды: бәрін қырып, қаланы түк қалдырмай өрттеп жібереді. Бірнеше айдан кейін оқиға куәгері былай деп жазыпты: «Адамдардың мәйіттері тау болып үйіліп, олардан аққан қан мен майдан жер басып жүруге мүмкін болмады»

моңғол

4. Шыңғыс хан өзінің қас жауын қолбасшы етеді 

Тайшығұд моңғол тайпасымен соғыс кезінде Шыңғыс ханның атына оқ тиіп, жануар сұлап түседі. Шыңғыс хан тұлпардың денесінің астында қалады. Бұл шайқаста Шыңғыс ханның жауынгерлері тағы да жеңеді. Ұрыстан кейін ол тұтқындалғандардың барлығын тізіп қойып, садақты кім атқанын сұрайды. 

Осы кезде тұтқындардың арасынан Жебе есімді батыр суырылып шығып, оқты атқан адам өзі екенін айтады. Бұған қоса ол оқты жылқыға емес, Шыңғыс ханның өзіне көздегенін де жеткізеді. Батырдың қайсарлығына тәнті болған моңғол қонтайшысы Жебені өзінің қолбасшысы етеді.

Шыңғысхан

5. Шыңғыс хан туған қыздарын одақтастарына әйелдікке беріп отырған

Шыңғыс хан бұл тәсілді басқа елдердің билігін басып алу үшін ұтымды қолданған. Шыңғыс ханның қызын әйелдікке алу үшін басшылар өздерінің басқа әйелдерін сарайдан қуып отырған. Бұған қоса олар жорыққа қол бастап, салдарынан көз жұмған. 

Шыңғыс ханның қайтыс боларының алдында оның қыздары Қытай аумағындағы Сары теңізден бастап, Иран жеріндегі Каспий теңізіне дейінгі аумақты билеген.

Шыңғысхан

6. Бір адамның кегін алу үшін Шыңғыс хан 1,7 миллион халықты қырып салған

Шыңғыс хан барлық күйеу балаларын бірдей «өлімге» аттандырмаған. Мәселен, бір қызы күйеуін қатты сүйген, Шыңғыс хан да күйеу баласы Токучарды туған ұлындай көріпті. Алайда оған Нишапур маңында болған шайқаста жебе тиіп, қаза болады. 

Бұған шыдамаған Шыңғыс хан кек алмақшы болып, Нишапурдың 1 748 000 тұрғынын әйел, бала, тіпті жолда кездескен жан-жануарды қырып өтеді. Сондай-ақ Шыңғыс ханның қызының әмірімен моңғолдар мәйіттердің бастарын шауып, тау қылып үйеді.

Шыңғысхан

7. Моңғолдар жеңістерін орыс ақсүйектерінің үстінде тойлаған

  1223 жылы  моңғолдар Калка өзенінің маңында Киев Русін ойсырата жеңеді. Өздерінің жеңістерін олар ерекше атап өтуді жөн санайды. Моңғолдар бүкіл орыс қолбасылары мен ақсүйектерін жерге жатқызып, үстілеріне ауыр тақтай қойып, дастарқан жайып, той ұйымдастырады. Осылайша олар өздерінің жауларын таптап өлтіреді. 

моңғол

8. Шыңғыс хан ірі өзен арнасын бұрып жіберген 

Шыңғыс хан мұсылман мемлекеті Хорезм жайлы естігенде, бастапқыда бұл елмен достық қарым қатынасын орнатқысы келеді. Ол мемлекетке дипломаттарын жіберіп, сауда-саттық бойынша келісім жасамақ болады. Алайда Хорезм шахы моңғолдарға сенбей, келген елшілерді тыңшы деп ойлап, өлтіруге бұйрық береді. Мұнымен қоймай, ол келесі жолы жіберілген елшілерді де өлтіріп тастайды. Шыңғыс хан қатты ашуланып, Хорезмге жорық ұйымдастырады. Нәтижесінде Хорезмді түп орнымен қиратады. Тіпті, Хорезм басшысы дүниеге келген жерді су шайып кетсін деп, моңғол басшысы өзен арнасын сол маңайға бұрған деседі. 

моңғол

9. Шыңғыс хан таңғұттар мемлекетін тарих сахнасынан жойып жіберген

Шыңғыс хан Хорезмге аттанбас бұрын, бұрын өзі жаулап алған таңғұттар мемлекетінен жасақ жіберуді сұрайды. Алайда таңғұттар оның бұйрығына бағынудан бас тартады. Бұл шешім таңғұт халқына өлім алып келеді. Хорезмді жаулағаннан кейін, Шыңғыс хан өзіне сес көрсеткен таңғұттарды қырып тастайды. 

Таңғұт мемлекеті 700 жыл бойы тарих бетінен жойылады. Тек XX ғасырда археологтар таңғұтша жазылған ескерткіш тауып, мемлекеттің болғанын дәлелдеді. 

Шыңғысхан

10. Шыңғыс ханды өзін жерлейтіндерді өлтіруге бұйрық берген

Шыңғыс ханның өсиетіне орай, оның денесін ешкім таппайтындай жерлеу қажет болған. Бір топ құл мен жауынгерлер Шыңғыс ханның денесін шөл далада көмген деседі. Артынша жауынгерлер құлдардың барлығын өлтіріп, оларды сол маңайға көміп кетеді. Жерлеуден кейін елге оралған әскерлерді де өлтіруге бұйырады. 

Шыңғыс ханның зираты әлі күнге дейін табылмады.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр