"Қылқындыру белгілері бар": Маңғыстау облысында 12 жасар баланың денесі табылды

Мұнайлы ауданындағы аулада мектеп жасындағы баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға туралы аудан тұрғыны айтып берді. Оның айтуынша, баланы қылқындыру белгілері бар.
"Бір бала оны бастапқыда тек әткеншекпен ойнап жүр деп ойлаған. Ол жақындап қараған кезде, А-ның беті көгеріп, аузынан ақ көбік шығып жатқанын байқады. Содан кейін ол ата-анасына қоңырау шалған, олар полиция мен жедел жәрдем шақырған. Оқиғаның себебі белгісіз", – деді тұрғын.
ОқыңызБаланың өлімін жедел жәрдем станциясы растады. Олар оқиғаға 1 маусымда келгенін хабарлады. Дәрігерлер 12 жасар баланың мерт болғанын анықтады.
Полиция бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді