Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда төмен шығарындылар аймағына кірген көлік жүргізушілеріне хабарлама жіберіледі

Көлік кептелісі
Фото: istockphoto.com

Алматыда жүргізушілерге төмен шығарындылар аймағына (LEZ – Low Emission Zone) кірген кезде push-хабарламалар жіберу жүйесі пилоттық режимде іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алматы паркинг" компаниясының мәліметінше, "Парковки Алматы" қосымшасының пайдаланушыларына келеді. Хабарламалар жүйе арқылы пилоттық аймаққа кіргені тіркелген көлік иелеріне жіберіледі. Хабарламада көліктің аймаққа кірген күні, almaty-parking.kz сайтына сілтеме және компанияның байланыс нөмірі көрсетіледі.

Төмен шығарындылар аймағы мына көшелердің шегінде орналасқан:

  • Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке;
  • Абая даңғылынан солтүстікке;
  • Желтоқсан көшесінен шығысқа;
  • Достық даңғылынан батысқа қарай.

“Алматы паркинг” компаниясы бұл кезеңде жүргізушілер үшін ешқандай шектеу, айыппұл немесе жол жүру үшін ақы енгізілмейтінін атап өтті. Көліктер бұл көшелермен әдеттегі режимде жүре алады.

Пилоттық жоба 28 сәуірден бастап жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты – көлік ағыны LEZ аймағына кірген кезде оларды есепке алатын цифрлық жүйені және көлік қозғалысы деректерін талдайтын аналитикалық модульді сынақтан өткізу.

Пилоттық жоба осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласында халықтан ескі автокөліктерді сатып алумен айналысатын компания құрылатыны туралы жазған едік. Әкімдік бұл бастама ескірген көліктер санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде Алматыдағы атмосфераға зиян шығарындылар деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 02 Маусым, 2026 21:51