"Ұлы бар": Тұрмысқа шығып, көрінбей кеткен Жанар Дұғалованың су жаңа фотосы қызу талқыға түсті
Танымал әнші Жанар Дұғалова сәбимен фото жүктеп, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhanar_dugalova/
Екі жыл бұрын эстрада жұлдызы ұзату тойын өткізген. Тұрмысқа шыққаннан кейін көрінбей қалды. Одан кейін бір концертте оның жүкті екені байқалды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін әнші жеке парақшасында сәби ұстап тұрған фотосын көрсетті.
Желі қолданушылары өнер иесінің баласы деп топшылап жатыр.
“Құттықтаймын!", "Баласы ма? Ол тұрмысқа шығып па еді?", " 2023 жылдың желтоқсанында аяғы ауыр болып жүрді ғой, 2024 жылы бала дүниеге келу керек еді... Бірақ ешқандай хабар болмады. Менің түсінгенім, бала 1 жаста болуы керек. Әлде бұл екінші сәбиі ме? Түсініксіз болып тұр. Не де болса, ең бастысы аман, денсаулығы мықты болсын. Балапанына тілейтінім – аман-есен көз алдында, балалық шағы тәтті, үлкен азамат болып өсе берсін", "Бұл кино болуы да мүмкін”, "Жанардың ұлы бар" – деп пікір білдірді көпшілік.
Еске салайық, өнер иесінің жолдасына қатысты құпияны әнші Мәдина Сәдуақасова айтып қойған еді. Желі қолданушылары күйеу жігітті үкіметте қызмет ететін, шенділердің бірі деп топшылады.
“Менің Жаконям ұзатылды. Енді Астананың келіні. Ілияс, қондырған құсың құтты болсын. Бақытты болыңдар. Шын жүректен құттықтаймын”, – деп жазды Мәдина.