ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаттығулар Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"Өзара іс-қимыл-2022", "Поиск-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.
"Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен жүзеге асырылады.
Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады”, – делінген министрліктің хабарламасында.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"