ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректері жария болуына шетелдік барлау қызметінің қатысы бар-жоғын анықтады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетуіне қатысты басталған тергеу жайлы мәлімет берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматтарының жеке деректері жария болуына шетелдік барлау қызметінің қатысы жоғы анықталды.
- Қазақстандықтардың жеке деректері телефон, көлік ұтыстары кезінде тарап кетеді
- Ақтауда қазақстандықтардың жеке басына қатысты ақпараттарды сатқан хакер 3 жылға сотталды
“Бұл ретте соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұрын тіркелген үш қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 210-бабы 2-бөлігі бойынша ҰҚК Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандарына қатысты зиян компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату деректері тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін желіде екі миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткені туралы жаздық.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі