Ақтауда қазақстандықтардың жеке басына қатысты ақпараттарды сатқан хакер 3 жылға сотталды
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан хакер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
“Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қылмыскер 3 жылға сотталды.
Тергеу барысында сотталуышының елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталды. Сондай-ақ оның Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз ақшаға сатқаны дәлелденді.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті