Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК екі қалада терроризмді насихаттады деген күдіктілерді ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 және 3 мамырда еліміздің екі қаласынла экстремизмге қатысты 3 адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰҚК

Күдіктілер Астана және Павлодар қалаларында ұсталған. 

“Ұсталғандар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды”, – делінген хабарламада.  

Күдіктілер бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған екен. 

“Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 256 (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 405-бабы (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп қосты ҰҚК баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда терроризмді насихаттаған 8 адам сотталған еді. Олардың бірі шетел азаматы. 

Талқылау