Қазақстанда терроризмді насихаттаған 8 адам сотталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни-экстремистік бағытты ұйымдастырып, терроризмді насихаттау ісі бойынша 7 қазақстандық пен 1 шетелдікке қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Сотталушылар өзгелерге дұрыс емес бағытты насихаттап, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылды.
Олардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Ақмола гарнизондық әскери сотының шешімімен күдіктілер 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар