Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-да бейнежазбалар тексерілген соң 7 адамның нәтижесі жойылды

ҰБТ-ның аралық қорытындысы бойынша 266 талапкер 130 балдан жоғарғы нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

"ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138. 266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 510 талапкер қатысты”, – делінген ақпаратта.


"Таңнан кешке дейін мектептен шықпай оқыды": Қазақстан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған түлектің отбасы әсерін бөлісті


Бүгінгі таңда 315 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда 16 мамырда басталған ҰБТ 4 шілдеге дейін жалғасады.

Еске салсақ, Түркістандық оқушы Қазақстан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинағанеді.

 

Талқылау