ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлек Түркияның үздік 10 университетінен шақырту алды
ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиев енді Түркияның Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/erasyl.ualievv
Ерасылға Түркияның 10 үздік университетінен ұсыныс түскен. Қазақстандық түлек желідегі парақшасында шақырту алған университеттердің тізімін жариялады.
- Özyeğin University: Жасанды интеллект
- OSTİM: Авиация және ғарыштық техника
- Final University: Стоматология
- Antalya Bilim University: Сәулет
- World Peace University: Бағдарламалау
- Doğuş University: Ойын дизайны
- KOSTU: Бағдарламалау
- Beykent University: Актерлық шеберлік
“Бұл табандылық пен мүмкіндік бағадан әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді”, – делінген жазбада.
Education Industry қолдауымен Ерасыл Уәлиев Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды.
Бұған дейін қазақстандық түлектің ҰБТ-дан 1 балл жинап, рекорд жасағаны туралы жазған едік.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"