Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-да түлектерде ПТР-тест анықтамасы талап етілмейді

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ тапсыру үшін түлектерден коронавирусқа байланысты ПТР тестіден өткені туралы анықтама талап етілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде ҰБТ электронды форматқа ауысады

Орталық басшысына журналистер тарапынан «талапкерлер үшін ПТР тестіден өткені туралы анықтама болуы міндетті ме?» деген сұрақ қойылыпты.

"ПТР тестіден өткені туралы ешқандай анықтаманы сұрамаймыз. Талапкерлер тек маска тағып келуін тиіс. Кейін ҰБТ өткізу пунктіне кірер кезде жаңа маскаларды таратамыз", - деді Смағұлов. 

Сондай-ақ ол ғимараттың әр қабатында санитайзерлер болатынын алға тартты. 

Сөзінше, ҰБТ-ны стадионда өткізу мәселесі де қарастырылыпты. 

"Біз стадионда өткізу жағын қарастырған болатынбыз. Зерттеулер нәтижесінде, стадионда бір күнде 500-600 адам жиналатыны, ал аудиторияда 15-25 адам отыратыны анықталды. Осы көрсеткіштерді алып қарасақ, ҰБТ-ны аудиторияда өткізу қауіпсіз болып отыр" - деп қосты орталық басшысы.

Еске салайық, бұған дейін ҰБТ барысы түсірілген видеоны тексергеннен кейін түлектер білім гранттарынан айырылуы мүмкін екені айтылған еді. 

Талқылау