Басты жаңалықтар
WhatsApp бірқатар құрылғыларда жұмысын тоқтатады
WhatsApp мессенджері қазан айының соңынан бастап тек 5.0 және одан жоғары операциялық жүйесі бар Android құрылғыларында ғана жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желі құраушылары ескірген операциялық жүйесі бар бірқатар гаджеттерде жұмысын тоқтататыны туралы пайдаланушыларға мессенджердің ресми сайтында ескертті.
"2023 жылдың 24 қазанынан бастап сервис тек Android 5.0 және одан жоғары операциялық жүйелерде ғана жұмыс істейтін болады", — деп хабарлады WhatsApp-тан.
Компания операциялық жүйені жаңарту қажеттігі туралы пайдаланушыларға тікелей мессенджердегі хабарлама арқылы ескертетінін атап өтті.
"Біз сізге операциялық жүйені жаңарту қажеттілігін бірнеше рет еске саламыз", — деп түсіндірді WhatsApp құраушылары,
WhatsApp тек 24 қазанға дейін ғана 4.1 және одан кейінгі ОЖ бар Android негізіндегі құрылғыларды жұмыс істейтін болады.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған