Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Whats app хабарламалар арқылы емделмеулеріңізді өтінемін": Дәрігер қазақстандықтарға үндеу жариялады

Қазақстандық дәрігерлер мен денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан Whats App хабарламалары арқылы ресми емес емдеу хаттамаларын таратып, қажетсіз емдеу жүгізбеулерін өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Клиниколог дәрігер Елена Хегай қазақстандықтарды өз бетінше емделмеуге шықырды. 

"Whats App желісіндегі ақпараттық бюллетеньдермен емделуді тоқтаңыз, өтінемін! Сізге біреу жіберген емдеу хаттамаларын таратуды доғарыңыз", - дейді Елена Хегай.

Дәрігер сонымен қатар әріптестеріне науқастарға үй жағдайында дексаметазон мен преднизолонды тағайындауды, сондай-ақ үйде қолдануға арналған 8-15 препарат жазып бермеңіздер, адамның ағзасын уламаңыздар деп үндеу жасады. 

"Амбулаториялық кезеңде симптомдар мен белгілерді динамикалық бақылауға және симптоматикалық емдеуге назар аудару керек. Дәрілердің ішінен ​​ибупрофен немесе парацетамол қолданған жөн", - деп кеңес береді дәрігер.


Е.Хегайдың айтуынша, науқастардың көпшілігінде аурудың алғашқы 7-10 күнінде антибиотиктер де тағайындауға болмайды.

"Ал егер сіз дәрілік заттарды тағайындасаңыз, онда тек таблетка түрінде және тек 1 дәрі ғана", - деп атап көрсетеді дәрігер.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі күні тиімділігі дәлелденген вирусқа қарсы препараттар жоқ. Ацикловир тек герпес тұқымдас вирусқа қарсы тиімді. Оселтамивир тек тұмау вирусына қарсы.

"Бүйрек пен бауырыңызды тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері немесе басқа белгілері болған жағдайда ауруханаға жататын кезге сақтаңыз. Өйткені, ауруханада олар көп мөлшерде дәрі-дәрмек тағайындайды. Қандай бауыр мен бүйрек мұндайға қарсы тұра алады? Адамдар тек COVID-19 ауруынан ғана емес, сонымен қатар медициналық көмектің барлық кезеңдерінде осындай қатал емдеудің нәтижесінде өлуі мүмкін", - дейді дәрігерлер.

Талқылау