Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пенжім ауылында жаппай төбелестен кейін үй өртеніп кеткен: Оқиға қалай болды

27 қазанға қараған түні Алматы облысының Пенжім ауылында уақытша баспана өртеніп кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетейік, кеше елді мекенде мектеп оқушыларының жаппай төбелесі орын алды. Полицияның мәліметінше, мектеп ауласына 30-ға жуық адам жиналып, жанжал шығарған.  

Өрт туралы хабарлама 27 қазанда 22.44-те келіп түскен. Тілсіз жау 23.12-де оқшауланып, 23.30-да сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ғимараттың 44 шаршы метр шатыры жанып кеткен. 

"Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Нақты себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру зертханасы жіберілді", - делінген хабарламада.



Алайда Алматы облысы полиция департаменті өрт шығуы мүмкін тағы бір себепті атады. Үй иесінің сөзінше, оған пеш жұмысындағы ақау себеп болды, деп хабарлады полиция.

Полиция департаменті мектеп ауласында жаппай төбелес болғанын растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оған 30-ға жуық адам қатысқан. Бір жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. 

Дәрігерлердің айтуынша, 2005 жылы туған науқас 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханаға түскен. Жасөспірім мидың ауыр жарақатын алған, оған екінші не үшінші дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылған. Есін біледі.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293 - бабының 2-бөлігі (топпен жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі ("бір топ адам жасаған бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ ведомствода түндегі өрттің болған оқиғаға қатысы жоқ екенін нақтылады.

Ауылда қоғамдық тәртіп қамтамасыз етіліп, жағдай бақылауда тұр, делінген полиция хабарламасында.

Талқылау