Витринаны сындырған: Алматыдағы сауда орталығында адамдар жеңілдік үшін бір-бірін таптап кете жаздады (видео)
Алматыда сауда орталықтарының бірінде адамдардың көптеп келуіне байланысты штаттан тыс жағдай орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Жеңілдікке үмітті адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік тудырған.
"Адам көп болғаны сонша, олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді", – делінген бейнероликте.
Жағдай туралы Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.
"Алматы қаласының полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған. Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған