Вирусолог коронавирус жұқтырғандардың басты қателігін атады
Вирусолог өзін-өзі емдеуді коронавирусты жұқтырғандардың басты қателігі деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық ғылыми эпидемиология және микробиология орталығының жасырын инфекциялар микробиология бөлімінің бастығы Виктор Зуев "Национальная служба новостей" радиосының эфирінде айтты.
"Егер сіз ауырып қалсаңыз немесе емханаға бара алмасаңыз, дәрігерді шақырып, оның сізге айтқанын тыңдаңыз. Ешқашан өзіңіз бастамаңыз. Бұл науқас адамның ең үлкен қателігі", - деді Зуев.
Бұл ретте, Ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Анатолий Альштейн COVID-19-ды үйде емдеуге болатынын атап өтті.
"Коронавирустық инфекцияның көптеген жағдайларын оқшаулау, тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету арқылы үйде емдеген дұрыс. Тек ауыр жағдайда ғана аурухана бару керек", - деп түсіндірді ол.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы