Вандалдар Баянауыл ұлттық паркіндегі көне қорымның тас-талқанын шығарды
Павлодар облысының полицейлері қола дәуірінің археологиялық ескерткішін бүлдірген бұзақыларды іздеп жатыр. Көне заманның көзіне баланған тастарға қаншалықты зақым келгенін енді ғалымдар анықтауы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Бұл қыраттағы ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Қазба жұмысы кезінде археологтар Андронов мәдениетіне жататын әшекей бұйымдар мен ыдыс аяқтарды тапқан еді. Тарихи ескерткішті сақтап қалу үшін мамандар бірнеше жылдан бері жергілікті биліктен қорым аумағын қоршауды сұрап келеді. Әзірге оған құлақ асқан атқамінерлер жоқ.
“Аталған дерек Баянауыл ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Ауданның жедел тергеу тобы жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге оқиға орнына барды. Мәселенің мән-жайы алдағы уақытта анықталады”, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.
Алматы облысының тұрғындары көне жазбалар бар тастардың жойылып бара жатқанына шағымданды
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған