Вакцина алмаған студенттер онлайн оқиды – Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері (18 жастан асқан) коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы ұйымдастыру іс-шараларының ішінде: педагогтарды, қызметкерлерді, 18 жастан асқан студенттерді 100% вакцинациялау (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды не соңғы үш ай ішінде ауырып қалғандарды қоспағанда), сондай-ақ барлығына, оның ішінде білім алушыларға қатысты Ashyq қосымшасын пайдалану бар.
"ЖОО мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде вакцинацияланбаған студенттерді онлайн оқытуға көшіруді қамтамасыз ету қажет", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдалану қажет екені де айтылды ведомствода.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған