Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?
Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма? Бұл сауалға ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса алады. Егер студент ғимаратқа Ashyq арқылы кіретін болса, онда ПТР анықтама талап етудің қажеті жоқ. Олар "көк" немесе "жасыл" мәртебемен кіреді. Яғни ол "жасыл" түсті болса вакцина алған немесе таяуда ПТР тест тапсырған деген сөз", – деді комитет төрағасы.
Оның атап өтуінше, сабаққа ПТР тестінің оң нәтижесі бар студенттер және коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар жіберілмейді.
"Бірақ мынаны ерекше атап өткім келеді. Егер, жоғары оқу орындары немесе колледж студенттерінің арасында коронвируспен ауырған адам анықталатын болса, онда онымен байланыста болған, вакцина алмаған студенттер бірінші кезекте 14 күндік карантинге жіберіледі", – деді Айжан Есмағамбетова.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі