AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есмағамбетова: Жаппай той тойлау коронавирус мутациясының пайда болуына әсер етеді

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова карантинді бұзушылар коронавирустың жаңа штаммдарының пайда болуына ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, аурудың дендеп бара жатқанына қарамастан карантин талаптарын бұзу жағдайлары жалғасуда. Құқық бұзушылық саны маусымдағы 1,8%-дан тамызда 3,5%-ға дейін өскен.

"Қазіргі таңда ауру өсімі анықталған аймақтарда жергілікті атқарушы органдар шаралар қолданып жатыр. Мысалы үшін, Шығыс Қазақстан облысында жаппай іс-шаралар мен тойлардың алдын алу мақсатында үлкен мейрамханаларда полиция бекеттері орнатылған. Алматыда да жағдай осындай", – деді Есмағамбетова өткен брифингте.

Ол әрқайсымыздың азаматтық позициямыз бен жауапкершілігіміз жоғары болуы керек екенін баса атап өтті.

"Шараларды бұзғандардың әрқайсысы инфекцияның таралуына ықпал етеді, осылайша біз вирусты өзіміз күресіп жатқан мутацияға ұшырауына әкелеміз. Сондықтан біз барлығын тағы да эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантинді сақтауға, той-жиындарға қатыспауға және оларды өткізбеуге шақырамыз", – деді.

Қорытындылай келе, комитет төрайымы кез келген жаппай өткізілген шара коронавирустың өршуіне әкелетінін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр