Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы мен мұғалім ПТР тест тапсырады

Бір баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы және мұғалімдер ПТР тест тапсырады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау вице-министріне "Бір сыныпта бір бала вирус жұқтырса, барлық оқушы мен мұғалімдер ПТР тест тапсыруы қажет пе?" деген сауал қойылған еді.

"Иә, ол бала байланыста болғандықтан барлығы да ПТР тестін тапсыруы тиіс", – деп жауап берді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Ashyq қосымшасы мектептерде оқушыларға қатысты пайдаланылмайтынын айтты. 

"Ashyq қосымшасы мектептерде қолдану тәртібіне тоқталсам, бұл қосымша оқушылар үшін міндетті болмайды. Бұл ретте мектеп персоналы қамтылады, яғни мектепке індет жұқтырған педагогтар, техникалық персонал кіргізілмейді. Атап айтқанда, қосымшаның балаларға қатысы жоқ", – деді Айжан Есмағамбетова.


Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?


Оның айтуынша, егер баланың ата-анасы мектепке кіруге мәжбүр болса, онда Ashyq қосымшасы арқылы өтеді.

"Басқа жағдайларда ата-аналар мектепке кіргізілмейді. Бұл өз кезегінде санитарлық ережедегі талаптардың бірі. Мектепке тек оқушылар кіреді", – деді комитет басшысы. 

Талқылау