Вагонның үстінде ойнаған: Жамбыл облысында жеткіншек тоққа түсіп көз жұмды
Қордай ауданы Отар бекетінде тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан екі жеткіншек тоққа түсіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, жасөспірімдер көктемгі демалыс кезінде әжелерінің үйіне қыдырып келген. 13 және 14 жастағы жеткіншектер вагонға қызық көріп, ойнау үшін шыққан болуы мүмкін. Оларға алғашқы көмек Гвардейский қалашығында көрсетіліпті. Кейін Қордай аудандық ауруханасына ауыстырылған. Бірақ екі жеткіншектің бірі бір күннен соң жансақтау бөлімінде көз жұмған. Екінші баланың жағдайы бір қалыпты дейді мамандар.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында екі бала мұз астына құлап көз жұмғаны айтылған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды