Қызылорда облысында екі бала мұз астына құлап көз жұмды
Қызылорда облысында екі бала мұз астына құлап, суға батып кетті. Олардың денелерін жергілікті тұрғындар шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

18 Наурызда ТЖД-ға Шиелі кентінде жер үйдің жанында орналасқан Сүйіндік көлінде екі бала ойнап жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Балалар ата-аналарының бақылауында болмаған.
Мәліметтерге сүйенсек, мұздың қалыңдығы 3-4 сантиметр болған. 2015 жылғы қыз бала мен 2013 жылғы ұл бала мұз астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның мәйіттерін жергілікті тұрғындар шығарып алды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды