Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі Вагнерді енді Пригожиннің ұлы басқарады

Ресейдегі "Вагнерді" Евгений Пригожин көз жұмғаннан кейін оның ұлы Павел Пригожин басқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Moscow Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Вагнер" базасы Ростов облысының аумағында болады. Ол енді бұрынғыдай енді жеке емес, Ресей әскеріне кіреді.

Бұған дейін 25 жастағы Павел Пригожин "бренд пен активтерді сақтау" үшін компанияның әскерилерін Виктор Золотов бақылауына беру туралы келіссөздер жүргізіп жатқан еді. 

Павел Пригожин 18 жасында әскери қызметте болып, әскерден қайтқанынан бір ай өткен соң Сирияға соғысқа аттанған. Содан бері ол “Вагнер” құрамында, сондай-ақ Донбасста соғысқан.

Апаттан мерт болған Пригожиннің барлық дерлік мүлкі оған өтті. Екі қыз активтердің кішкене ғана бөлігін алды.

Павел Пригожин бес жылдан бері кәсіпкерлік қызметпен айналысады. 2018 жылы ол "Бета" компаниясын құрды, ал 2020 жылдан бастап "Лахта Плазаны" басқарды. Фирмалар Санкт-Петербургте элиталық жылжымайтын мүлік салуға маманданған. Сонымен қатар ол "Лахта парк" тұрғын үй кешеніне иелік етеді.

Вагнер тобы Украинаға және басқа елдерге соғысқа жіберу үшін келісімшарттық қызметке қабылдауды қайта бастады. Келісімшарт жасағысы келетіндер 20-дан 55 жасқа дейін болуы керек. Төлем 80 мың рубльден (шамамен 400 мың теңге) басталады. Оның мөлшері орналасқан жері мен қызмет түріне байланысты. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға 240 мың рубль (1,5 млн теңгеге жуық) уәде етілген.

Еске салайық, 23 тамызда Тверь облысында Евгений Пригожиннің бизнес ұшағы апатқа ұшыраған еді. Бортта Пригожиннің өзі және Вагнердің бүкіл жоғарғы басшылары болды. Апаттан аман қалғандар жоқ. 24 тамызда Владимир Путин қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Талқылау