"Вагнер" компаниясына өз еркіммен қосылдым": Ресейде оқып жүріп, соғысқа аттанған қазақстандық студент үндеу жасады
Ресейдегі "Вагнер" жеке әскери компаниясына қосылып, соғысқа аттанған қазақстандық студент видео арқылы үндеу жолдады. Жігіт өзін ешкімнің ұрламағанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
23 жастағы Марғұлан Бекеновті "ұрлап, еркінен тыс соғысқа жібергені" туралы ақпарат БАҚ беттерінде тараған. Студент Томск мелекеттік университетінде білім алып жүрген.
"БАҚ пен әлеуметтік желіде мені ұрлап кеткені туралы жалған ақпарат тарады. Меніңше, жалған ақпаратты анам таратқан. Себебі мені қалай болса да елге қайтарып алғысы келді. "Вагнер" компаниясына соғысу үшін, жігіттерге көмектесіп, арнайы операция кезінде үлесімді қосу үшін өз еркіммен қосылдым. Өзімді керемет сезінемін, ұжым тамаша, өзімді тапқандаймын. Маған бұл жерде ұнайды. Психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан бәрі жақсы. Мені ешкім ұрлаған жоқ", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Марғұлан Бекеновтің соғысқа аттанғаны туралы ақпаратқа пікір білдірген еді.