V-XIII ғасырға тиесілі Орталық Азия тиындарын Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз жібермек болғандар ұсталды
V-XIII ғасырға тиесілі Орталық Азия тиындарын Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз жібермек болғандардың әрекетіне тосқауыл қойылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

"Алматы әуежайында тәркіленген тиындар V-XIII ғасырлар аралығында Орталық Азия аумағында соғып құйылған және тарихи құндылығы бар", – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.
Ақпаратқа сүйенсек, тиындар Қазақстаннан АҚШ-қа жөнелтілген сәлемдеменің ішінде болған. Құжаттарға арналған қаптаманың қабырғасына тиындарды жасыру фактісін кеденшілер сәлемдемені рентгендік сканерлеу кезінде анықтады.
Елден тиындарды алып шығу заң бойынша міндетті түрде жариялауға жатады. Қазіргі уақытта тиындар сарапшыларға тапсырылды, оның қорытындысынан кейін заңсыз әрекетке барған азаматқа қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады, деп қосты мемлекеттік кірістер комитеті.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”