Үйлену тойынан кейін 29 адам уланып ауруханаға түсті
Украинаның Закарпат облысы Берегов ауданында мейрамханада өткен үйлену тойынан кейін 29 адам, оның ішінде 8 бала тамақтан уланып ауруханаға түсті.

Бұл туралы Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі хабарлайды.
12-13 тамыз аралығында Берегов орталық аудандық ауруханасына тамақтың улану белгілері бар 29 адам ауруханаға жатқызылды. Олар 10 тамызда «Семейный уют» мейрамханасында үйлену тойында болған. Эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда