Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйлену тойын жасаймыз": Айқын Төлепберген соңғы жаңалығымен көпшілікті таңғалдырды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Айқын Төлепберген соңғы жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жарқын жүздесу” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші екінші мәрте өнердегі әріптесі, әнші-актриса Жұлдыз Өмірғалимен шаңырақ көтерген болатын. 

“Әр адам алдына үлкен мақсат қояды ғой. Кино түсіріп, үй салып біттік. Ендігі мақсат – той жасау. Бұйырса, үйлену тойымызды жасаймыз. Тойды кім жүргізетіні де белгілі. Тұрсынбек Қабатовтың уақыты болса, сол жүргізеді. Креатив көп болады. Бәрін айта бермеймін. Той қызығы алда", – дейді өнер иесі. 

Бағдарламаға жұлдызды жұп қалай танысқанын да айтып берді. 

“Топқа енді келгенде Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаеваның қасында бұл қыз көрінбей тұрды. Себебі енді келген еді. Оның үстіне ұяңдық бар, әрі жасы небәрі 19-да болды. Бірде Батырхан Шүкеновтің концертінде екеуміз ән айтқан екенбіз. Оны кейін білдік. Ал жалпы Шымкентте алғаш рет тойда байқадым. Себебі бір жылдың ішінде өзгеріп кеткен. Өнер додасына қосқан  Баян Мақсатқызына рақмет!" – деді әнші.

"Алғашқы құрамда Кәмшат Жолдыбаева мен Айдана Меденова болды. Оған дейін қарапайым сатушы, сосын әлеуметтік қызметкер болып екі жұмыс істеп жүрген едім. Негізі мен KeshYOU тобына емес, "Лашын" тобына кастинг болған кезде бардым. Тіпті өзімді мұндай жерге лайық санамадым. Тағдырым өзгеріп, жұлдызды топтың әншісі болып шыға келдім", – деп еске алады Жұлдыз Өмірғали. 

Талқылау