Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйінен ақшасыз кетіп қалған: Алматыда 15 жастағы жеткіншектің апасы қашып кеткен немересінен бас тартқан

15 жастағы жеткіншек Тараздан Алматыға жол ақысын төлемей келген. Осы себепті оны такси жүргізушісі полицияға апарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың 21 тамызында Алатау аудандық полиция бөліміне такси жүргізушісі Тараздан жол ақысын төлемеген кәмелет жасқа толмаған қызды алып келгенін хабарлаған. Өткізілген іс-шаралар барысында жасөспірімнің әжесі анықталып, полиция бөліміне шақырылды. Әже қыздың ата-анасы ажырасып жатқанын, өзі жеткіншектің қамқоршысы екенін айтты, – деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ жеткіншектің үйден кетіп қалған туралы ешкім хабар бермеген. Алдағы уақытта балаға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қаралатын болады.



Әжесі немересін үйіне қайтып алудан бас тартты, өйткені қыз бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

“Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қ.Ж.Кеншінбаев екі тараппен әңгімелесті. Заңды өкілдің баланы үйге алудан бас тартуына байланысты қыз бала Алматы қаласының өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға арналған орталығына орналастырылды”, – деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.

 

Талқылау