Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйіме апарып, от жағамын: Алматыда ер адам саябақтағы орындықтың ағаштарын ұрлаған

Алматыда тұрғыны қаладағы саябақтардың бірінде орналасқан көше орындыған сындырып, ағашын алып кеткен. Ол ағаш үйін жылыту үшін қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Қарасу шағынауданындағы саябақта болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Сергей Васильев желіге жариялаған. Видеоның сипаттамасында белгісіз ер адам салынып жатқан саябақтан орындықтардың ағашын ұрлап кеткені туралы хабарланған. Ағаш ұрлаған ер адамның мас болуы мүмкін екені айтылған.

"Ағаштарын неге ұрлап жатыр деп ойлап тұрған шығарсыздар. "Үйдегі пешке жағамын" дейді. Оның сөзінше әкімдік ешнәрсе бермегендіктен, орындықтың тақталарын алуға мәжбүр болған. Оған қоса, "Мен болмасам, басқалары алып кететін еді" дейді. Қоғамда өзі неболып жатыр? Аудан тұрғындары үш жыл бойы көлді тазартып, саябақ жасауын өтініп шыр-пыр болды. Бұл адам мас сияқты. Киінгені де жақсы, отынға зәру адамға ұқсамайды. Көлікке ақшасы бар да отынға жоқ болғаны ма", - дейді видео авторы.

Полиция бұл оқиға бойынша қала тұрғындарынан мәлімдеме алынғанын айтты. Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты.

"Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 1992 жылы туылған азаматты ұстады. Бұл жергілікті тұрғын өзінің жасаған ісін мойындады. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады полиция департаменттің баспасөз қызметі. 

Талқылау