"Үйге кіргенде нағыз сұмдықты көрдік": Шымкенттегі жарылыс салдарынан үш баласы бар отбасы баспанасыз қалды
21 мамыр күні Шымкент дәріханаларының бірінде жарылыс болып, үш адам ажал құшқан еді. Қайғылы оқиғадан кейін тұрғындар оқиғаның салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Baigenews.kz басылымына сілтеме жасап.
Жарылыс болған дәріхана перинаталдық орталықтың жанында орналасқан. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полицейлер мен коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр.
Жарылыс туралы алғаш болып перинаталдық орталықтың жанындағы үйдің тұрғындары білген. Кей куәгерлер құтқарушыларға әйелдер мен сәбилерді эвакуациялауға көмектескен.
"Біз қаланың екінші шетінде тұрамыз, бірақ жарылысты естідік және толқынын сездік. Кейін жағдай туралы ғаламтордан білдік. Үлкен нәрсе құлағандай әсер қалдырды. Бүгін оқиға орнына келдік. Өте жаман сезімдеміз", – дейді Шымкент тұрғыны.
"Жарылысты 12:00 шамасында естідім. Кафеге бара жатқанбыз, дауысты естідік, бастапқыда не болғанын түсінген жоқпыз. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемді көргенде, жағдайдың қиын екенін білдік. Мен өз жұмыстарымды қойып, дәріханадан техниканы шығаруға көмектестім", – деп қосты тағы бір тұрғын.
"Мен жақын маңда тұрамын. Базардан жаяу келдім, мұнда өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полиция тұр. Көршім жүгіріп келіп "Қызың қайда?" деп сұрады. Ол бұл кезде мектепте болған. Көршім жарылысты естігенде соғыс басталды деп ойлағанын айтады", – дейді тағы бір тұрғын.
Оқиға салдарынан үш баласы бар жас отбасы баспанасынан айырылған. Олар дәріханаға қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйдің екінші қабатында тұрады. Жарылыс кезінде отбасы балаларымен бірге базарда болған. Үйіне келген соң самалдықта үлкен бетонның сынығын көрген.
"Күйеуім жұмыста болған. Қуанышқа орай, үйде ешкім болған жоқ. Пәтер зақымдалды. Жарылыс туралы естіп, үйге келдік. Бірақ бірнеше сағат кіргізбеді. Үйге кіріп, нағыз сұмдықты көрдік. Сосын әкімдіктен, ТЖД қызметкерлері мен тергеушілер келе бастады. Барлығын соттан кейін қалпына келтіретінін айты. Алайда қазір жауын жауып тұр, мен сот өтіп жатқанда қарап отыра алмаймын ғой. Пәтерімізді жөндеп береді деп үміттенеміз", –дейді Зарема.