Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйді босатуға үш апта уақыт берілген: Петропавлда шенеуніктер дәрігерлерді пәтерінен қуып жатыр

Петропавл қаласында дәрігерлер шу шығарды, себебі шенеуніктер ақ халаттыларды қызметтік пәтерден қуып жатыр екен. Әкімдік өкілдері он жылдан кейін баспананы жекешелендіріп аласыздар дегеніне сендік деген медицина мамандары енді далада қаламыз деп қорқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

дәрігерлер

Фото: видеодан скриншот

Жиырмаға жуық дәрігер шенеуніктер қызметтік үйден қуып жатыр деп күйінеді. Ал пәтер кілті берілгенде он жылдан кейін жекешелендіріп аласыздар деп медицина мамандарын қуантыпты. Бірақ атқамінерлердің уәдесі тек сөз күйінде қалды дейді шағымданушылар. 

“Бізді 10 жылдан артық тұрып жатсыңдар деп шығарып жатыр. Бірақ мына үйде бізден басқа театр қызметкерлері тұрып жатыр. Ал олар пәтерлерін өз аттарына түсіріп алған. Бізде сөйткіміз келеді”, – деді психиатр-нарколог Раушан Баймағамбетова. 

Жиналғандардың барлығы – аймақта тапшы мамандар. Арасында анестезиолог, рентгенолог, эндоскопист және жедел жәрдем дәрігерлері бар. Олар жағдай жасалған басқа өңірге көшіп кетуден басқа амал жоқ деп отыр. 

“Бізге пәтер сатып алатын мүмкіндіктеріңіз болды дейді. Мен өз басым жалғызбасты анамын. Пәтер кезегі жылжымайды. Несиеге ала алмаймын. Енді үйден шық деп жатса басқа жаққа кетемін. Көкшетауда біз сияқты мамандарға тегін үй береміз дейді”, – деді рентгенолог-дәрігер Наталья Досанова.

Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілдері былтыр шыққан қаулыны алға тартты. Құжатқа сәйкес бұл үйлер енді дәрігерлерге 5 жылға уақытша тұруға ғана беріледі. Ал денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін өзге 400 отбасы баспанаға мұқтаж. 

Он жылдың көлемінде тұратын дәрігерлерге біз ескерту бердік. Неліктен? Бізге биыл келетін жас дәрігерлеріміз бар, екі жылдан көп уақыт пәтер жалдап жүрген дәрігерлеріміз бар. Осы дәрігерлер үйіне көшкісі келетіндер бар. Соған байланысты он сегіз дәрігерге хабарлама бердік. Бұл барлығы заңды түрде”, – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов. 

Дәрігерлерге пәтерді босатуға үш апта уақыт берілген екен. Бірақ наразы топ бала-шағасымен қайда барарын білмей отыр. 

Талқылау