Үйде жалғыз болған: Павлодарда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезінен құлап кете жаздады

Фото: ТЖД
Павлодарда төрт жасар бала төртінші қабаттағы ашық терезе жақтауында тұрған сәтте құтқарылды. Оқиға Толстой көшесіндегі бес қабатты үйде болған. Жағдайды бірінші болып көшеден өткен тұрғындар байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз бала жалғыз өзі үйде қалған және терезе жақтауында тұрған. Ол кез келген сәтте төменге құлап кетуі мүмкін еді.
Құтқарушыларды тұрғындар дереу шақырған. Арнайы бригада оқиға орнына бірнеше минут ішінде жетіп, қыз баланы аман алып қалды.
Құтқарушылардың бірі пәтердің есігі арқылы қызбен сөйлесіп, назарын басқа жаққа бұрды, ал қалғандары шатыр арқылы альпинистік құралмен терезеге көтеріліп, ішке кіріп, баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Павлодар облысында соңғы бес жылда 48 бала терезеден құлаған, оның 11-і көз жұмған. Жақында ғана екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, қаза болған.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?